08 желтоқсан 2016 | 13:00

Қаржы полициясының бұрынғы басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмірхан Аманбаев Әмірхан Аманбаев

Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Аманбаев Әмірхан қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Диас Махамбетовке сілтеме жасап. Осыған дейін Аманбаев үй қамауында болған.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Аманбаев Әмірхан қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Диас Махамбетовке сілтеме жасап. Осыған дейін Аманбаев үй қамауында болған.

28 қарашада сот Аманбаевқа қатысты үй қамауында болу бұлтартпау шарасын қамауға алу шарасына ауыстырған үкім шығарған. 

"Сотталушының адвокаттары осы шешімге арыз берді, аппеляциялық сот бұлтартпау шарасын өзгертпей қалдырды, себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2 бөлігі бойынша Аманбаев процессуалдық талапты өрескел бұзған. Ол 2016 жылдың тамызынан қарашаға дейін 20 шақты адамға қоңырау шалып, қылмыстық іске қатысы жоқ адамдарға сот процесі туралы айтып отырған. Бұл жағдайды арнайы акт арқылы дәлелдеген: оның кімдерге қоңырау шалғаны жайлы стенограммасы сыртқы бақылау барысында түсірілген фотокесте берілген", - деді қалалық сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енген және шешімге шағым түсірілмейді. 

Еске салайық, 2015 жылдың ақпанында Алматы қаласында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар, оның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің қолдау көрсетуі арқылы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті анықталды. Олар 2012-2014 жылдар аралығында 20 кәсіпорын құрып, төленбеген салық түрінде 14 миллиард көлемінде шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу шарасы бойынша Алматы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қылмыстық топтың С. Ильин, В. Федотов, Б. Баудинов, Т. Каримов, А. Зубарев, Д. Абдиев, Р. Есенжанов және Н. Шаукеров есімді 8 қатысушысы қамалды. Жалпы осы іс бойынша 36 адам сотқа тартылып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети