Қарлы боран, көктайғақ. Бүгін ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарлы боран, көктайғақ. Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Семей қаласында жауын-шашын (қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с.

Астана қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтсүтігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Өскеменде жауын-шашын (қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Тараз қаласында кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болуы мүмкін.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігіне, батысына тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының шығысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтау қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Павлодар қаласында көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың шығысында тұман түседі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети