ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарға биыл жаз жұмыс сапарымен өңірлерді аралайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарға биыл жаз жұмыс сапарымен өңірлерді аралайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биыл жазда 2012 жылғыдай облыстарды аралап, жергілікті жерлердегі нақты мәселелермен танысуды жоспарлап отырғанымды айтқым келеді. Сапар барысында сіздер айтқан сындарлы ұсыныстарды қарастыратын боламын", - деді Мәсімов.
Ол күзде Үкіметтің Парламентке 2014 жылға арналған бюджетке қатысты түзетулерді бағыттайтынын айтты. "Келесі жолы Үкімет отырысында біз сіздердің ұсыныстарыңызды жан-жақты қараймыз. Палаталарда, комитеттерде қаралған мәселелердің бәрі сөзсіз мұқият талқыланады. Әсіресе, күзде, алдағы үш жылға бюджет нақтыланған кезде біз алдымызға қойылған кейбір мәселелерге нақты жауап беруге тырысамыз", - деді ол.
Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің 2013 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі талқыланғанын еске саламыз.