Премьер-министр Кәрім Мәсімов қаржы, өңірлік даму, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрлеріне ескерту жасады. Президенттің тапсырмаларын орындау барысына арналған кеңестен кейін осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казақстанская правда" газетіне сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, Президент Әкімшілігі "Қазақстан - 2050" стратегиясын тиімді іске асыру мақсатында сәуір айынан бастап (сол кезде Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматуллин келді - авт.) Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысына арналған апта сайынғы кеңестерді өткізуді қолға алды. Осыған орай, арнайы сараптама топтары құрылып, бақылаудың жаңа жүйесі енгізілді. Кеңестер кезінде жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдері есеп беріп отырады.
"Бірінші кеңестің қорытындысы бойынша Үкіметке Президенттің 33 тапсырмасы бойынша тиісті ұсыныстар жіберілді. Себебі ол тапсырмаларды орындау уақыты келді. Осыған орай, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша заң шығару жұмыстарының жоспарын уақытында орындамағаны үшін қаржы вице-министрі Руслан Дәленов пен экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Абылқасымоваға, сондай-ақ моноқалаларды дамыту бағдарламасын бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғаринге ескерту жасалды", - деп жазды бүгін мемлекеттік басылым.