03 қараша 2022 | 18:03

Кәрім Мәсімовтің ісі: СІМ БҰҰ жұмыс тобының мәлімдемесіне пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

СІМ өкілі БҰҰ-ның ерікті ұстау жөніндегі жұмыс тобының Қазақстанды ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша "шұғыл шаралар қабылдауға" шақырған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

СІМ өкілі БҰҰ-ның ерікті ұстау жөніндегі жұмыс тобының Қазақстанды ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша "шұғыл шаралар қабылдауға" шақырған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, 18 қазанда БҰҰ-ның ерікті ұстау жөніндегі жұмыс тобы Кәрім Мәсімовті ұстауға қатысты №57/2022 пікірін қабылдаған. Бұған дейін жұмыс тобы "дереккөз" деп нақты аты аталмайтын өтініш негізінде осы мәселе бойынша қазақстандық тараптан тиісті ақпарат сұратқан болатын. Осыған байланысты 3 мамырда топқа Мәсімовке қатысты қылмыстық іс бойынша жалғасып жатқан тергеуді ескере отырып, қазақстандық тараптың жауабы жіберілген.

"БҰҰ-ның осы мәселе бойынша жұмыс тобымен өзара іс-қимыл норматив құжаттарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Қазақстандық тарап халықаралық практиканың барлық нормасын сақтап, ұлттық заңнамаға сәйкес толық жауаптар береді. Бұл істе біздің тараптың көтерілген мәселелерге саясатты араластырмай, нақты деректерді келтіре отырып, ашық талқылауы маңызды саналады", - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі 18 қазанда қабылданған пікірге сәйкес, Қазақстан алты ай ішінде, яғни 2023 жылғы 18 сәуірге дейін жауап беруі керек екенін атап өтті. Қазір Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдары бұл пікірге жауап дайындап жатыр.

"БҰҰ жұмыс тобының пікірлері БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін ұсыным сипатында", - деп қорытындылады СІМ өкілдері.

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтардың басында ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлімі бойынша мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети