Картоп апельсиннен қымбат па? Қазақстандықтарға жағдай түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Картоп апельсиннен қымбат па? Қазақстандықтарға жағдай түсіндірілді Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде, әсіресе Алматыда, картоптың қымбаттауына наразылық білдірді. Дүкендерде жаңа піскен картоп апельсиннен қымбат екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде, әсіресе Алматыда, картоптың қымбаттауына наразылық білдірді. Дүкендерде жаңа піскен картоп апельсиннен қымбат екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың қазақстандық супермаркеттердің бірінде түсірген видеосы тарады. Бейнежазбада ол картоп бағасына қатты таңғалғанын айтады.

Ол, әсіресе, жаңа піскен картопты айтты - бір келісі шамамен 1300 теңге болған.

Неге картоп апельсиннен қымбат?

Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрлігі көктем мезгілінде жаңа піскен картопқа деген сұраныстың негізінен импорт арқылы жабылатынын түсіндірді. Себебі Қазақстанда негізгі картоп жиыны кейінірек - тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі.

"Атап айтқанда, осы уақытта жиналған картоп сақтау үшін қоймаларға салынып, ішкі нарықты күз-қыс және көктемнің басында – мамырға дейін қамтамасыз етеді", – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Оның айтуынша, көрші елдерде өсімдік вегетациясының мерзімі ертерек басталғандықтан, картопты жинау наурыз-сәуір айларында-ақ басталады.

"Осыған байланысты көктем мезгілінде сауда орындарының сөрелерінде күзгі жергілікті картоппен қатар жаңа піскен импорттық картоп пайда болады", – деп түсіндірді Тасжүреков.

Импорт және картоп өнімі

Мемлекеттік инспекция комитетінің деректеріне сәйкес, көктем кезеңінде – наурыз және сәуірде – Қазақстанға 37,8 мың тонна картоп импортталған.

"Негізгі импорттаушы елдер – Өзбекстан, Египет, Ауғанстан, Грузия, Қытай, Пәкістан және Ресей", – деді Тасжүреков.

Сонымен қатар, оңтүстік өңірлер әкімдіктерінің мәліметінше, мамырдан бастап ерте өнім ретінде 216,7 мың тонна картоп жиналады деп жоспарланған.

Атап айтқанда, Түркістан облысында – 186,2 мың тонна, Алматы облысында – 17,7 мың тонна, ал Жамбыл облысында – 12,8 мың тонна картоп жиналады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети