Қарттар күніне орай бірнеше өңірдегі зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарттар күніне орай бірнеше өңірдегі зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қарттар күні, зейнеткерлер және Республика күні мерекесіне орай қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарттар күні, зейнеткерлер және Республика күні мерекесіне орай қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарттар күнінде (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күнінде (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам адамды қамтитын біржолғы қаржылық 2-ден 10 АЕК-ке дейін (6900 теңгеден 34500 мың теңгеге дейін) қарттарға көмек көрсетіледі, бұл шамамен 1,9 миллиард теңге болады", - деді Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, Қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік қоржындары таратылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети