01 тамыз 2024 | 12:36

Қару-жарақ, оқ-дәрі, миллиондаған залал - ҰҚК шекарадағы заңсыздықтар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

ҰҚК Шекара қызметінің шілдедегі іс-қимыл нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметінің шілдедегі іс-қимыл нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы шілдеде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 4 560 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, соның ішінде:

  • 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 38 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 51 – есірткі заттары;
  • 111 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қарулары, 77 дана оқ-дәрілер);
  • 26 – діни әдебиет (5 351 дана);
  • 424 – жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 000 литрден астам);
  • 835 – жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 165 – жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 39 браконьерлік деректерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 27 дана жүзу құралдары;
  • жалпы ұзындығы 16,2 шақырым тор - браконьерлік аулау құралдары;
  • 12 дана (4,5 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 3 481 дана (9 723 келі) таза тұқымдас балықтар;
  • 82 дана суда жүзетін тасбақалар;
  • 12 дана суда жүзетін құстар;
  • 1 дана каспий итбалығы.

Алды алынған залал сомасы 42,5 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети