Астананың тұрғын аудандарында мылтық ұстаған ер адамның иттерге "аңшылыққа" шыққан видеосы тарады. Кадрларды куәгерлер түсіріп алған. Елорданың ветеринарлық қызметі пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қаңғыбас иттерді аулаушылардың жұмысы түсірілген видео пайда болды. Кадрларда иттің артынан мылтық ұстаған ер адамның кетіп бара жатқанын көруге болады. Ол жерде балалар да жүргені байқалады. Жазба авторының айтуынша, ол ит жануарларға арналған панадағы еріктілердің бақылауында.
"Астана Ветсервис" коммуналдық кәсіпорны рейдтер "Көктал-1" және "Көктал-2" тұрғын үй алабы тұрғындарының қаңғыбас иттердің шабуылына байланысты шағымдары бойынша жүргізілгенін хабарлады.
"Бұл видеоға қатысты мынаны түсіндіреміз: бұл "УВЫШ 3вг" пневматикалық газ балон шприц атқышы болатын. Ол қаңғыбас иттерді аулау үшін қолданылады. Шприцке Қазақстанда рұқсат етілген препарат құйылады", - дейді коммуналдық кәсіпорын өкілдері.
Атқаннан кейін жануарлар талықсып қалатыны, кейін жауарларға арналған панаға жеткізілетіні айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!