Қарулы Күштерде әскерлерді қауырт тексеру басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінде әскерлерді қауырт тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғаныс инистрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қарулы Күштерінде әскерлерді қауырт тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғаныс инистрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында, сондай-ақ 2020 жылғы қарашада Қорғаныс министрлігінің алқасында белгіленген тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл бойынша көтерілген.

Әскерлерді елдің өзге аймақтарына жіберуге бұйрық берілді.

"Әскери қызметшілер әскери техникамен бірге теміржол эшелондарымен, әскери-көлік авиациясымен алыс жерлерге жіберіледі. Бұдан басқа, оқу-жаттығу мақсатында жеке құрамды тасымалдауға азаматтық авиакомпаниялардың ұшақтарын тарту жоспарланған", - делінген хабарламада.

Кейбір запастағы әскери міндеттілерді шақыруды жүзеге асыру үшін жергілікті әскери басқару органдарына нұсқау берілген. Бірнеше азаматқа әскерге шақыру қағаздары табысталды. Оның негізінде әскери бөлімдерді жасақтау үшін олар жинау пункттеріне келуі тиіс болды. Осылайша әскери-оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндіктері тексеріледі.

Белгіленген аудандарға келгеннен кейін әскерлер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды. Аталған тапсырмалардың мазмұны оларға қосымша жеткізіледі.

Сурет: gov.kz

Еске салайық, Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында Ауғанстандағы жағдайға түсінік бере отырып, әскери-өнеркәсіптік кешен мен әскери доктринаны қайта жүктеуді тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro