Қарулы Күштердің әскери бөлімдері кенеттен берілген дабылмен көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарулы Күштердің әскери бөлімдері кенеттен берілген дабылмен көтерілді Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлері бөлімдерінің оқу-жаттығу жауынгерлік әзірлігіне күтпеген тексеріс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" жалпы әскери полигонына бағынысты бөлімшелерді тексеруге жауынгерлік тапсырма түсті. Әскери қызметшілер әскери көліктерді белгіленген ауданға жеткізу үшін жүздеген шақырым жер жүрді.

Ауыр шынжыр табанды бронды техника теміржол көлігімен тасымалданды.

Белгіленген ауданға келгеннен кейін бөлімшелер жабдықталып, одан әрі іс-қимыл жасауға әзірленіп, қорғаныс позицияларына орналасады.

Әскер іс-қимыл жоспарына сәйкес белгіленген ауданға келгенде инженерлік құралдармен бекіністерді бүркемелеу  және одан әрі оқу-жауынгерлік міндеттерді атқаруға әзірліктерін көрсетуі қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети