Қасіретті қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде елді жауға бермей қызғыштай қорғаған сарбаздар "Антымызға адал болдық" деп еске алды. Олар ел тұтастығына төнген қауіпті еңсеруге барымызды салдық, бірлігіміз бұрынғыдан да беки түсті дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қасіретті қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде елді жауға бермей қызғыштай қорғаған сарбаздар "Антымызға адал болдық" деп еске алды. Олар ел тұтастығына төнген қауіпті еңсеруге барымызды салдық, бірлігіміз бұрынғыдан да беки түсті дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Басы кесілген, аяғы гема, қолы көгерген - мұндай жарақаттарды 21 жастағы Бақтияр Шүкенов таяудағы тәртіпсіздіктер кезінде алған. Бақтияр Алматыға 4 қаңтар күні кешке Қостанайдан келген. Ол қалаға келгенде шошып кеткенін айтады - әр жерде жатқан қоқыс, өртенген көліктер. Адамдар бақылаудан шығып, бәрін талқандап тастағандай болды деп есіне алады.
"Ротадағы бір жігіттің басына тас тиіп құлады, мен оны көтеріп жатқанда жұрт бәрімізге шабуыл жасады. Мен оны итеріп жібердім де, өзім адамдардың астында қалдым. Адамдар ұрып, тепкілеп, жұдырықтай бастады - барлығын ұрды. Сосын біздікілер де маған көмектесті", - деді ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің жауынгері Бақтияр Шүкенов.
Медеу Алпысбаев сол кездері мемлекеттік нысандарды қорғауда қызмет етті. Жігіт алаңға он мың адам жиналғанда өз көзіне өзі сенбегенін айтады. Сарбаз наразылық білдірушілер арасында психотроптық заттардың әсерінен адреналинде болған адамдар бар деп болжайды. Қиын жағдайға қарамастан, ол әріптестерімен бірге олармен сөйлесуге тырысқан.
"Мен оларды қарумен емес, сөзбен тоқтатқым келді. Оларға бір-бірін тонау дұрыс емес екенін, өздері сияқты қарапайым халықтың жеп отырған нанына зиян келтірмеу керек екенін түсіндіргім келді", - дейді ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Айбат Алпысбай.
Жастары небәрі 18-20-дағы жігіттердің таным, көзқарастары бірден есейіп кеткендей. Бұл тосыннан тұтанған қырғын әрбір әскери қызметкердің, сарбаздың елінің қорғаны екенін айқындай түсті.
"Қолын, басын емдегеннен кейін "қайтадан шығайықшы, майор мырза, қайтадан барайық, балаларымызды алып қайтайық, менің пайда тиеді" деген сарбаздар болды. Олар сыр бермеді. Өзім сол кезде сарбаздардың намысшыл екенін көрдім. Өзім соған қуанып, ондай солдаттарға разылықпен қарадық", – деді Ескендір Мамытбеков.
Ұлттық Ұланның бұл бөлімінде 900-ден астам сарбаз болса, соның барлығы дерлік ұрыстарда асқан айбындылық танытып, жігері мұқалмады. Бастысы, адам шығыны болмады, соған шүкір етеміз дейді мұндағылар. Бүгінде жауынгерлер бұрынғы күн тәртібіне оралған. Ал зардап шеккендер дертінен айығып, қатарға қайта қосылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!