“Қарындасымызды қорғаймыз“: Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

"Ол өз сыбайластарымен бірге құрбандарын әлеуметтік желі арқылы іздеп, оларды қитұрқы әрекетке түсірген. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда бірер уақыттан соң кенеттен өзін "ағаларымыз" деп таныстырған бір топ жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастайды. Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен. Кей жағдайларда күш қолданудан да тайынбаған", - делінген хабарламада.

Олар жәбірленушілердің бағалы заттары мен құжаттарын тартып алып, қомақты қаражат аударуға мәжбүрлеген. Осылайша 6 ақпанда қылмыстық топтың құрбаны 24 жастағы Алматы тұрғыны болған. Оны бопсалаушылар күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сондай-ақ, 100 000 теңге аударуды талап еткен. Бұған қоса олар жәбірленушіні қорқытып, тағы 1,4 миллион теңге беруге мәжбүрлемек болған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшелерін анықтап, ұстады. Олардың үстінен бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы саны жеті адам полицияға жеткізілді, оның төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың өзге де құрбандары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты зардап шеккендер болса, полицияға хабарласуын сұрайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети