Кәріз құдығынан сәбиді құтқарған жасөспірім марапатталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәріз құдығынан сәбиді құтқарған жасөспірім марапатталды

Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы аман алып қалған 15 жастағы Арман Аманжоловты тәртіп сақшылары марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қызылорда қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қол сағатын салтанатты түрде табыс етті.

"Біз көрсеткен батылдығың үшін алғысымызды білдіреміз. Сен нағыз батырсың!" - деді Жаназаров.

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети