31 тамыз 2022 14:31

Кәріз құдығынан сәбиді құтқару оқиғасына қатысқан тағы бір кейіпкер пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Қызылордада құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланы құтқару операциясын 48 жастағы отставкадағы полицей Талғат Мырзабеков ұйымдастырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланы құтқару операциясын 48 жастағы отставкадағы полицей Талғат Мырзабеков ұйымдастырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, ол сол күні көлікте банкке кеткен әйелін күтіп отырған. Сол жерде жүкті әйелдің: "Балам құлап қалды!" - деп айғайлаған дауысын естіген.

"Не болғанын білу үшін жүгіріп бардым. Бала жартылай суға толған кәріз құдығына құлап кетіпті, одан жағымсыз иіс шығып тұрды. Бала қайта аяғымен құлапты, жеңіл жарақат алған, ол мойнына дейін лас суға батып, жылап тұрды", - дейді Талғат Мырзабеков.

Сурет: әлеуметтік желілерден алынған

Бұрынғы полицей өзі түспек болған, бірақ ірі денелі болғандықтан кәріз құдығына сыймайтынын түсінген. Жақын жерде 15 жастағы Арман Аманжолов тұрған. Бірақ жасөспірім суға толы терең құдыққа түсуге батылы жетпеген.

"Мен оған көмектесетінімді, ұстап тұратынымды айттым. Дәл осы кезде тағы екі жігіт жүгіріп келді. Олар менің аяғымнан ұстады, мен Арманды ұстадым. Баланы да, Арманды да бірге алып шықтық. Осыдан кейін сол жерде тұрған ерлі-зайыпты үшеуін көлікке отырғызып, балалар ауруханасына жеткізді. Бұл уақытқа дейін құтқарушылар да, басқа қызметтер де келген жоқ. Адамдар хабарласып жатты. Одан кейін көрмедім", - дейді отставкадағы подполковник.

Сурет: ©Tengrinews.kz

Талғат Мырзабеков отставкадағы подполковник, өмір бойы қылмыстық іздестіру бөлімінде қызмет еткен. Денсаулығына байланысты 2015 жылы зейнеткерлікке шыққан. Әкесі Толысбек Мырзабекұлы да полковник 2000 жылы қайтыс болған. Облыс орталығындағы көшелердің біріне оның есімі берілген екен.

"Маған ешқандай марапаттың қажеті жоқ, менде бәрі бар. Шынымды айтсам, бұл туралы бәрі білгенін қаламадым, тек Алматыда тұратын анам Таңымкүл Ысқақоваға айттым. Басында сенбеді, кейін балаға көмектескенім үшін мақтады. Бірақ мен басқаша істей алмадым, өйткені менің де Айсұлтан есімді 4 жасар ұлым бар. Менің ойымша, кез келген адам осылай жасар еді", - деп қосты ол.

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалған.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 465.64   490.7   5.46 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети