Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Таразда 17 адамның өмірін қиған әскери бөлімдегі жарылыс туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат жарылысқа әкеп соғуы мүмкін проблемалар туралы айтып, кінәлілерді атады. Жәбірленушіден айыпталушыға айналған ер адам барлығын ашық айтуды жөн санапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таразда 17 адамның өмірін қиған әскери бөлімдегі жарылыс туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат жарылысқа әкеп соғуы мүмкін проблемалар туралы айтып, кінәлілерді атады. Жәбірленушіден айыпталушыға айналған ер адам барлығын ашық айтуды жөн санапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арада бір жыл өтсе де болған оқиғаның мән-жайы жұмбақ күйде.

35 жастағы әскери қызметші Аслан Бақытжанов қайғылы оқиға кезінде бөлімше бастығының міндетін атқарушы болғанын, жұмыс барысында өрт сөндіру құралдарының жұмыс істемейтінін, кадр тапшылығын айтып басшылыққа сегіз рет шағым жазғанын айтады. Құрылғылардың жұмыс істемейтінін министрлік те, әскери прокуратура да білген.

"Егер мен жіберген өтініштердің барлығы дер кезінде орындалса, мұндай өрт болмас еді", - дейді Аслан Бақытжанов.

Әскери қызметшінің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні бөлімшеде өрт хабарлағыштары жұмыс істемеген. Қойма терезелерінен шыққан қою қара түтінді қарауылдар ғана байқаған.

Енді Асланға "жұмысқа салғырттық танытты, оқ-дәрімен жұмыс істеу ережесін бұзды" деген айып тағылып отыр. Онымен бірге бұл іске тағы бес адамның қатысы бар екені, оның екеуі әскер қатарына шақырылғандар, олар қоймалардың біріне жанып жатқан шүберек лақтырған деген болжам бар.

"Осы қойманы өртегендер кінәлі. Бұл қасақана жасалған әрекет. Оқиғаға куәгерлер, өртеген әскери қызметші өз кінәсін мойындап, қазір Тараздағы тергеу изоляторында отыр", - дейді бұрынғы әскери қолбасшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro