Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Болат Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Болат Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің сайтында жарияланған мәліметтер бойынша, Болат Халық ведомствода 2017 жылдың қаңтарынан бері басшылық еткен. Бұған дейін ол осы кәсіпорынның бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Болат Халық 1976 жылдың 31 мамырында Шымкентте дүниеге келген. 1997 жылы А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік аяқтаған.
Прокуратура органдарында 1998-2016 жылдар аралығында қызмет етті. 2006-2007 жылдар аралығында Қызылорда көлік поркурорының орынбасары болды. Маңғыстау көлік прокуроры, Атырау көлік прокуроры, Орал көлік прокуроры қызметтерін атқарған. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Еске салайық, Болат Халық атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған деген күдікке ілініп отыр. Сонымен қатар, Б. Халық РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Ол бұл ісін бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге жасаған делінеді.