Алматы облысы тұрғындары Нарынқолдағы жалғыз аурухананың жағдайына және жергілікті медицина мамандарының біліксіздігіне шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы тұрғындары Нарынқолдағы жалғыз аурухананың жағдайына және жергілікті медицина мамандарының біліксіздігіне шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
"Олар диагноз қоя алмайды. Ауруымыздың белгілерін айтсақ, интернеттен іздей бастайды. Шынымды айтсам, олардың кәсібилігіне күмәнім бар", - дейді ауыл тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.
"Осында жастардың көбі медбике болып жұмыс істейді. Бірақ нағыз дәрігерлер аз. Анам ауруханада жұмыс істейді, жас мамандардың білімі нашар дейді. Ал жоғары білікті мамандарға жағдай керек", - дейді ауыл тұрғыны Әсел Советбай.
Аурухананың өзі 80-жылдардың аяғынан бері жөндеу көрмеген. Медицина мекемесінің төбесінен су ағып, шамалы жел соқса, төбесі дірілдей бастайды. Қазір ауруханада 40 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіледі.
"Жаңбыр жауса, үшінші, төртінші қабаттарды су басып кетеді. Мен өзім үшінші қабатта хирургияда жұмыс істеймін. Жаңбыр суы тамшылағанда баспалдаққа шелек қойып қоямыз", - деп мойындады хирургия бөлімінің қызметкері Жанар Ақбаева.
Аурухана әкімшілігінің өзі медицина қызметкерлері жетіспейтінін, науқастар легі азаймай отырғанын мойындап отыр.
"Менің ойымша, бізге терапевт, хирург, гинекологтар керек. Жалақы жеткілікті, бірақ оларға баспана керек. Өздеріңіз білесіздер, жақсы мамандар ауылға келгісі келмейді. Әйтпесе, дәрігерлердің бәрі сауатты, қанша жыл бойы оқыды", - деп сендірді "Райымбек аудандық ауруханасы" ШЖҚ бас медбикесі Назгүл Мержанова.
Бұған дейін облыс әкімі Райымбек ауданында болып, жергілікті аурухана мен тағы бес ауылдық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуден өткізу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!