14 сәуір 2014 | 15:23

Қашаған биыл да мұнай бермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Wikipedia.org ©Wikipedia.org

2014 жылы Қашаған мұнай өндірудің коммерциялық сатысына шыға алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2014 жылы Қашаған мұнай өндірудің коммерциялық сатысына шыға алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 

Министр атап көрсеткендей, Қашаған кен орнының биылғы коммерциялық көлемі 2,4 миллион тоннаны құрап отыр. "Биыл бұл көлемге шыға алмау қаупі бар. Осыған орай, біз Қазақстандағы ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, басқа кен орындарының есебінен мұнай экспортын 1,5 миллион тоннадан төмен түсірмеуге тырысамыз", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Е.Досаев.

Оның айтуынша, сәуірдің 17-сі күні Үкіметте Қашаған жобасына қатысушы компания басшыларымен кездесу өтеді. Олар биыл атқарылатын шаралар бойынша нақты жоспарды ұсынуы тиіс. Ол компаниялардың ішінде ҚазМұнайГАз, Eni, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, Total және Inpex бар. Сондай-ақ Қашаған жобасының 8,33 пайызын қытайлық CNPC сатып алған.

Айта кетейік, Қашағандағы мұнай өндіру жұмысы 2013 жылы қыркүйектің 11-і күні басталған болатын. Алайда екі аптадан кейін зауыттың жұмысы тоқтатылды. Себебі газ жүйесінде бірқатар ақау анықталды. Содан кейін оның барлығы ретке келтіріліп, өндірістің жұмысы қайта ашылды. Бірақ қазан айында тағы осы іспетті олқылықтар шықты. Ақаулығы бар газ құбырының бөлшектері Ұлыбритания зертханасына тексеруге жіберілді. Мамандардың болжамы бойынша құбыр күкіртті сутектің әсерінен тесілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети