24 қаңтар 2014 | 15:46

Қашаған жобасын кідірту себептері жойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

"Тоталь" компаниясының басшысы Кристоф Де Маржери Қашаған кен орнында мұнай өндіруді кідірту мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесу кезінде Кристоф Де Маржери өз компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметі және Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімдерді бөлу туралы келісімге қатысуы жайында айтып берді. Тараптар Қашаған кен орнын игеруді жүзеге асыруға қатысты ахуалға да тоқталды. Осыған байланысты "Тоталь" басшысы келісімге қатысушылар өндіруді кідіртудің себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сендірді. Қазақстан Президенті адами капиталды дамытуға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Айта кетейік, Қашағандағы мұнай өндіру жұмысы 2013 жылы қыркүйектің 11-і күні басталған болатын. Алайда екі аптадан кейін зауыттың жұмысы тоқтатылды. Себебі газ жүйесінде бірқатар ақаулықтар анықталды. Сосын оның барлығы ретке келтіріліп, өндірістің жұмысы қайта ашылды. Бірақ қазан айында тағы осы іспетті олқылықтар шықты. Бұдан кейін ақаулығы бар газ құбырының бөлшектері тексеру үшін Ұлыбритания зертаханасына жіберілді. Мамандардың болжамы бойынша құбыр күкіртті сутектің әсерінен тесілген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети