Қашаған мұнайы наурызда Еуропаға жөнелтіледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашаған мұнайы наурызда Еуропаға жөнелтіледі

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы Қашағаннан сынақтан өткізілген 7 мың тонна қазақстандық мұнайды Ақтау портынан Баку арқылы Еуропаға жөнелтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы Қашағаннан сынақтан өткізілген 7 мың тонна қазақстандық мұнайды Ақтау портынан Баку арқылы Еуропаға жөнелтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы Қашағанның операторы North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумындағы 7,563 пайыздық үлеске ие.

"ҚазТрансОйл" өкілінің айтуынша, компания Ақтау арқылы 1,5 миллион тонна Теңіз мұнайын жіберу жоспарын сақтап қалуға ниетті. Бірақ Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты жүк жөнелту уақытша кешіктірілген.

""ҚазТрансОйл" мұнай ағындарын әртараптандыруға Транскаспий бағытында қатысады. Биыл Ақтау порты арқылы 1,5 миллион тонна Теңіз мұнайын айдау, тиеу жоспарланған болатын. Бірақ бүгінгі күнге дейін бір тоннасы да тиісті мерзімде жөнелтілген жоқ. Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры форс-мажорлық жағдай деп жарияланды, себебі Джейхандағы екі айлақ қазір жұмыс істемейді, ал екінші айлақ арқылы олар тек Әзербайжан мұнайын жөнелтеді", - деді компания өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети