05 тамыз 2022 | 15:53

Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Қашаған кен орнында газдың шығуы белгілеріне байланысты жұмыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қашаған кен орнында газдың шығуы белгілеріне байланысты жұмыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Солтүстік Каспий жобасының операторы - NCOC (North Caspian Operating Company) растады.

"3 тамызда өндірістік учаске аумағында газдың ауаға шығып кету белгілері анықталуына байланысты "Болашақ" кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді. Стандартты тәртіпке сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді", - деді NCOC баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмегені хабарланды.

"Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау бекеттерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы тіркелмеді. Қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз өндірісті тезірек қалпына келтіреміз деп үміттенеміз", - компания өкілдері.

Еске салайық, NCOC жаздың басында Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешеніндегі өндіріс орындарын жөндеуді тоқтатқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная