21 қаңтар 2021 09:35

"Қашпақ болған". Шу қаласында полицей әйел адамды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Жамбыл облысында полиция қызметкері әйел адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Жамбыл облысында полиция қызметкері әйел адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оқиға Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі "Нива" көлігімен қағып кеткен. Жергілікті тұрғын оқиға орнында қайтыс болған. 

Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкеткен. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шыққан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда қағып кеткен. Бүгінде жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети