06 қараша 2020 | 18:04

Қашықтан оқу кезінде нені үйрену қажет? Сарапшы түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заманауи адамдарға қажет дағдылар мен олардың маңызы қандай? I-BALAQAI жобасында academia.kz онлайн жобасының негізін қалаушы Нартай Әшім цифрлық сауаттылық, цифрлық гигиена деген не екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.  


Иконка комментария блок соц сети

Заманауи адамдарға қажет дағдылар мен олардың маңызы қандай? I-BALAQAI жобасында academia.kz онлайн жобасының негізін қалаушы Нартай Әшім цифрлық сауаттылық, цифрлық гигиена деген не екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.  

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. 

Нартай Әшімнің айтуынша, бүгінде цифрлық сауаттылық күн сайын өзгеріп келе жатыр.

"Екі-үш жыл бұрын цифрлық сауаттылық дағдымен мұғалім не адам білуге тиіс нәрсенің кеңістігі үлкейіп жатыр. Жыл сайын бұл тізім үлкейе береді. Осы тұрғыдан, әрине, оның нақты өлшемі бар. Біздің елде ұстаздардың цифрлық сауаттылығы жиі өлшенбейтіндіктен қандай деңгейде екенін айту күрделі мәселе. Бірақ ұстаздардың күнделікті өмірде жеке құралдарды пайдалану деңгейі өте жоғары", - дейді спикер.

Маманның сөзінше, білім беруге арналған құралдарға, қауіпсіздік негіздеріне байланысты әлі де атқарылуы қажет жұмыстар бар.

Цифрлық технологиялар орта мектептердегі мұғалімдерге қалай әсер етті?

Жасанды интеллекттің атасы Алан Кей жаңа технологияларға қатысты былай дейді: "Адам дүниеге келгенге дейін пайда болғанның барлығы жаңа технология болып қабылданады". Сондықтан, спикердің айтуынша, бүгінде білім беру мекемелеріндегі ең жас маманның өзіне де көп нәрсе жаңалық болуы мүмкін.

"Тіпті жаңа ұрпақ үшін де барлығы жаңа технология болып қала береді және күн өткен сайын олардың саны көбейе береді. Ал 40, 50-ден асқан ұстаздарға жаңа технологияның қоры кеңінен қалыптасып қалды. Олар үшін барлығы жаңа. технологиялар өте жылдам болатындықтан игеріп кету оңай емес. Ол әрқашан тәжірибеге байланысты болады. Қазіргі таңда пандемия жағдайында ұстаздар технологияның түр-түрін меңгеріп кетті. Сондықтан ұстаздарымыз мүмкіндігінше осыларға көңіл бөліп, мұндай дүние қажет емес дегеннен гөрі, технологиялардың мүмкіндігін көре отырып, пандемия аяқталғанның өзінде мектепке барған кезде пайдалануға болады деген пікір қалыптасса, соған жетсек керемет болар еді", - дейді маман.

Қашықтан оқу кезінде нені үйрендік және нені үйрену қажет?

Нартай Әшімнің сөзінше, қашықтан оқу кезінде технологияларды қолдану - жалғыз мәселе емес.

"Одан бөлек, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, бір үйде 3-4 мектеп оқушысы бар. Оның барлығын есептемегенде, жалпы білім беру саласындағы мәселенің барын ата-ана да, жалпы қауым да түсіне бастады. Бүгін ата-аналарға балалар бір сабақта 45 минут бойы не оқитынын, қалай оқитынын меңгере бастаған кезде білім беру саласының көптеген кемшілігі мен осал тұсы көріне бастады", - дейді спикер.

Маман қазіргі таңда біраз өзгеріс болып, ата-аналар саналы түрде ата-ана болуды үйреніп жатқанын айтады.

"Бұл ең үлкен өзгеріс. Саналы түрде білім берудің, оқулықтың мұғалімдердің тапсырма құрастыру сапасына мәнберіп жатырмыз. Ағылшын мектептерінде мұны black box деп атайтын. Яғни сыныптың ішінде не болып, не қойып жатқанын тек мұғалім мен балалар білетін. Ал дәл қазір оның бәрі телеарнаға шығып жүргендіктен соның куәгері болдық", - дейді Нартай Әшім.

Цифрлық гигиена деген не?

Ата-аналар баласы сабақ барысында не көріп, не тұтынып отырғанын үнемі бақылап отыра алмайды. Желідегі кез келген нәрсені тұтына бермеу - цифрлық гигиена деп аталады.

"Бұл мұғалімдердің арасында насихатталатын дүние. Ұстаздар YouTube-тен басқа да платформалардан қарап, "осы шамамен менің тақырыбыма келеді-ау" деген оймен видеоларды қосып қоятын кездер болады. Бірақ сол видеоның негізгі мағынасын түсінбеуі мүмкін. Жастар туралы әлеуметтік ролик көрсетеміз деп ол видеоның ар жағында нашақорлық, суицид немесе қылмыс туралы ой айтылып жатқанын байқамай қалады. Сондықтан білім беру саласындағы кез келген ақпарат сараптамадан өтеді", - дейді маман.

Сол себепті мұғалімдерге цифрлық гигиена, ресурстарды сараптамадан өткізу дағдыларын үйрету де өзекті тақырыптардың бірі.

Мектеп түлектері болашақтағы дағдысын қалай анықтайды?

Нартай Әшімнің айтуынша, бүгінде мамандар мектеп оқушыларының болашақтағы бағытын бақылап отыр.

"Олардың компьютермен жұмыс істейтіні анық. Таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін отырмайтын шығар. Көбі үйден жұмыс істейді. Бүгінде біз оны "сығалап" қарап отырмыз. Ол біз үшін рефлексия жасап, ойланатын мүмкіндік", - дейді Нартай Әшім.

Сонымен қатар, спикер қазіргі адамдарға қандай дағдылар қажет екенін түсіндірді.

1. Коммуникация дағдылары. Яғни барлық құралды пайдалана отырып бірлесіп жұмыс істеу, коммуникация жүргізу.

"Қазірдің өзінде коммуникацияны әлі де меңгере алмай отырмыз, ол ертеңгі күні балаларға керек дағды", - дейді маман.

2. Коллаборация.

"Себебі "Адам өмірінде 10-15 мамандық ауыстырады" деп айтады ғой. Бұл жердегі мәселе тек мамандық ауыстыруда емес. мәселе - жобаларда. Адам белгілі бір жобаға кіріп, өзі танымайтын 10-15 адаммен жұмыс істеуі мүмкін", - дейді Нартай Әшім.

3. Тез үйрену дағдысы.

"Үйренудің өзі техника, алгоритм. Тез үйрену - тез меңгеру. Үйретуге бағытталатыны нақты дағдылар және тез меңгеріп кетуге мүмкіндік беретін өмірлік дағдылар", - деп түсіндірді спикер.

Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети