13 шілде 2020 | 14:26

"Қашықтық сақтайды". Алматы әкімдігінің өкілдері дәріханалардағы кезекті түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова дәріханалардағы кезек халық әлеуметтік қашықтықты сақтағандықтан болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова дәріханалардағы кезек халық әлеуметтік қашықтықты сақтағандықтан болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марина Дурманова онлайн-брифингте дәріханалардағы жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтты. 

"Ұзын-сонар кезек тек әлеуметтік қашықтыққа байланысты. Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Яғни, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, шамамен бір-бір жарым метр. Әсіресе Назарбаев даңғылындағы қалалық дәріхана маңындағы видеолар көп. Ол жерде адам бұрыннан көп жиналатын. Адамдар ол орталық дәріхана болғандықтан дәрі-дәрмек көп деп ойлайды. Балаларымен, кейде бүкіл отбасымен келеді. Адамдарды бірден ішке кіргізе алмаймыз, сондықтан сыртта күтуге тура келеді", - деп түсіндірді Марина Дурманова. 

Дегенмен алматылықтар әлі де дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспейтінін айтып шағымданып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желілерде көп айтылып та жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі әкімдік өкілдерінен неліктен мұндай кезек болып жатқанын сұрап білді.

"Бірнеше апта бұрын шілде айының басында бірнеше күн бойы ажиотаж болды. Дәріхана желілерінің инфрақұрылымы оған дайын болмады. Біз әкімдігіміздің инфрақұрылымын ұсындық, бірнеше күн ішінде жағдай тұрақталды", - деп жауап берді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети