Қаскелең Алматыға қосыла ма? Бас сәулетші жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелең Алматыға қосыла ма? Бас сәулетші жауап берді

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматыны дамыту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматыны дамыту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қаскелең қаласының Алматының құрамына кіруі және осыған байланысты мегаполис шекарасын түзетуге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ол салынып жатқан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ішіне кіретін жерлерді Алматы қаласының құрамына енгізу туралы мәселені түсіндірді.

"Бұл ерекше қала құрылысын реттеу аймағы. Ол Алматы облысы, біз қазір оны салуға болмайтыны туралы сөйлесіп жатырмыз, себебі ерте ме, кеш пе ол қалаға кіреді. Мүмкін 10 жыл емес, 20, 30 жылдан кейін шығар. Бұл агломерация мәселесі, қазір үкімет осымен айналысып жатыр.

Елбасының тікелей тапсырмасы бар, қала қолданыстағы шекаралар шегінде дамуы тиіс. Себебі бұл тек әлеуметтік емес, сонымен қатар, экономикалық салдарға да әкеледі", - деді Ахмеджанов. 

Сондай-ақ ол Алматы мен Қаскелең, Алматы мен Талғар арасындағы шекара жақындап келе жатқанын айтады.  

"Бір нәрсе айтайын, егер ғарыштан қарасаңыз, бізде Талғар мен Қаскелең жақта шекара қалмады. Ол енді қаланың емес, агломерацияның мәселесі. Бірақ ол қалаға экология, халыққа байланысты әсер етеді", - дейді басқарма басшысы. 

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов берген сұхбаттың толық нұсқасын алдағы уақытта Tengrinews.kz-тен оқи аласыздар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети