Қаскелеңде 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелеңде 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қаскелеңдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға байланысты уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелеңдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға байланысты уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, үзіліс кезінде оқушының жағдайы нашарлап кеткен. Мектеп әкімшілігі дереу оқу орнына жедел жәрдем шақырған.

"Баланың денсаулығы туралы әкесіне жедел түрде хабар берілді. Жасөспірімнің анасы бөлек тұрады. Оқиға кезінде оқушының қасында нағашы әжесі болды, ол осы мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді", - деп хабарлады басқарма.

Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оқушы оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді Білім басқармасы өкілдері.

Сондай-ақ жедел жәрдем келген сәтте мектепте әкімдік, құқық қорғау органдары өкілдері, білім бөлімінің қызметкерлері және психологиялық қолдау мамандары болғаны нақтыланды.

Білім басқармасы мәліметінше, жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толар еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети