18 мамыр 2022 12:33

Қаскелеңде көкпар тартқандар 10 тәулікке қамалды

Видеодан алынған кадр

Қаскелең көшелерінде өткен көкпарға қатысушылар 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелең көшелерінде өткен көкпарға қатысушылар 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, көкпар тартқан алты адам ұсталды. 

"Олар қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қатер төндірді, сондай-ақ материалдық залал келтірді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін жауапқа тартылды. Әрқайсына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, олар ӘҚБтК-нің 614-бабы 1-бөлігі бойынша "көлік құралдарына кедергі келтіргені үшін" жазаланды", - деді аймақтық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бұған дейін көкпар ұйымдастырушылары тәртіпсіздік үшін кешірім сұраған болатын.

Еске салайық, 15 мамырда шабандоздар көкпар ойынын өткізді. Ол Қаскелеңнің шетіндегі далалық жерде басталған, бірақ кейінірек қала көшелеріне көшіп кетті. Жарысқа қатысушылар көліктерді қиратты. Полиция көкпар аудан әкімдігімен келісілмегенін хабарлады.

Көкпар ұйымдастырушысы - 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол ойынды жиенінің туған күніне орай өткізген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram