16 мамыр 2022 15:01

Көкпар өткіземін деп көліктерді қиратқан: полиция қатысушыларды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Қаскелең тұрғындары қаланың орталық көшелерінде өткен көкпарға наразы болды. Ұлттық ойынға қатысушылар жарыс кезінде көліктерге зақым келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаскелең тұрғындары қаланың орталық көшелерінде өткен көкпарға наразы болды. Ұлттық ойынға қатысушылар жарыс кезінде көліктерге зақым келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде өткен демалыс күндері Қаскелең қаласында өткен көкпардың видеолары тарады. Кадрлардан қатысушылар жол бойында көкпар тартып жүргенін көруге болады. Қала тұрғындары шабандоздардың "шабуылынан" қорқып, наразы болып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Куәгерлердің айтуынша, шабандоздар тұраққа қойылған көліктерді бүлдірген: жылқылар көліктердің кей жерін майыстырып, сызаттар қалдырған. Жергілікті тұрғындар көкпардағы көптеген ойыншы оқиғаны телефонға түсіруге тыйым салып, тіпті қорқытқанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Мамырдың 15-інде бір топ шабандоз Қаскелең көшелерінде көкпар ойынын ұйымдастырды. Көкпар аудан әкімдігімен келісілмеген. Ат ойынына қатысқан шабандоздардың қимылы қаланың бірнеше көшесінде болған. Бұл дерек Қарасай аудандық полиция бөлімінде ресми тіркелді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, аудандық полицияға көкпаршылар көлігін бүлдірген 34 жастағы тұрғын арыз түсірген.

"Қазіргі уақытта ойынды ұйымдастырушы мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, олар міндетті түрде жауапқа тартылады", - дейді тәртіп сақшылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+?? (@almaty_kris_p)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети