05 маусым 2018 11:08

Қаскелеңнің жұқпалы аурулар ауруханасы адамшошырлық күйде - Емделуші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматы облысының тұрғыны Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасының жай-күйінің адамшошырлық жағдайда екенін мәлімдеді. Ядигора Кечиджидің сөзінше, клиниканың жағдайы адам айтқысыз жағдайда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысының тұрғыны Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасының жай-күйінің адамшошырлық жағдайда екенін мәлімдеді. Ядигора Кечиджидің сөзінше, клиниканың жағдайы адам айтқысыз жағдайда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол ауруханаға фарингитке шалдықты деген күдікпен жатқызылған. 

"Медицина қызметкерлеріне шағымым жоқ. Бірақ аурухананың өзі қандай күйде десеңізші! Біріншіден, бірдеңе жұқтырып аламын ба деп қорықтым. Ондағы ер мен әйелдер әжетханасы мен жуынатын орны 15 палатаға біреу ғана. Ешқандай сабын жоқ. Тек раковина мен суық су болды. Палатадан өзің шығып кварц қосуың керек. Кейін білдім оны. Мен жатқан палата бір тәулік бойы зарарсыздандырылмады, ал хлордың иісі де шықпайды", - дейді Ядигора Кечиджи.

Сөзіне дәлел ретінде ол аурухананың ішін суретке түсірген. 

"Соңғы рет қашан жөнделген? Мұндай жағдайда қалай жұмыс істейсіздер?" деп сұрадым. Медбикелердің бірі: "Биыл жасалуы керек" деді. Болды", - дейді емделуші. 

Әйелдің ойынша, аурухана тап-тұйнақтай болуы керек. Бұл әсіресе инфекциялық ауруханаға қатысты. 

"Тым болмағанда еденді жасап, қабырғаларды бояп қойса. Әжетхананы да тазалау керек. Негізі әр палатада қол жуа алатындай раковина болған жөн. Бүкіл ауруханаға біреу емес. Ауруханаға түскен адамдар ол жерде басқа бірдеңе жұқтырып алуға қорықпау үшін", - дейді ол. 

Ал аурухана өкілдері бөлімдердің бірі шынымен нашар екенін атап өтті. Дегенмен бұл дәліздер мен палаталардағы тазалыққа еш әсер етпейді екен. 

"Бұл бөлім 1935 жылы салынған. Қамыс-қаңқалы, саманмен салынған. Жасырмаймын. Иә, әжетханалар сондай. Бұл көне ғимарат. Әзірге қаржы жоқ. Биыл едендер жаслаады. Соңғы рет 1998 жылы жөндеу көрген болу керек. Қыркүйек соңы мен қазанның басына дейін жөндеуге тырысамыз", - дейді "Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасы" ММ бас дәрігері Жәнібек Ботаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети