05 ақпан 2014 | 22:24

Kaspi bank-ті сотқа бергендердің тағы біреуі арызын қайтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арызданушылар мүддесін қорғаушы Ермек Нарымбаев. Әлішер Ахметовтің суреті Арызданушылар мүддесін қорғаушы Ермек Нарымбаев. Әлішер Ахметовтің суреті

Астана қаласындағы Kaspi bank-тің бір борышкері сотқа жазған шағым-арызын қайтып алыпты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Нақтырақ айтсақ, бүгін, яғни 5 ақпан күні Алматы қаласындағы Бостандық аудандық соты кезінде бір борышкер өзінің арызын кері алатындығын мәлімдепті. Бұған аталмыш банк бір жасап қалды, білеміз. "Өйткені, ол борышкер банк әрекеттерінің заңды екендігін түсінді" - дейді, қаржы институтының мүддесін қорғаушы заңгер Флюра Сұлтанова. Сонымен, Kaspi bank-ті сотқа бергендердің ұзын саны қазір 37 адамды құрап отыр. Осы тұста айта кетейік, несие туралы келісімшарттарын жарамсыз деп табу туралы Кaspi bank-ке қарсы шағымданғандар саны әу баста 39 адам болған. Ал басқа арыз иелері соттан бұрынғыдай қаржы мекемесімен араларындағы келісім-шартты заңсыз деп табуын талап етулерінен таймай отыр. Несие алушылардың қорғаушысы Г.Жуасбаева соттың банкті төлемдердің негізгі қарызды қайтаруға қалай әсер ететіндігі турасында нақты ақпарат беруге міндеттеу керектігін сұрады. Kaspi bank-тің атқарушы директоры Сабыржан Беркінбаев "ұсынылған құжаттарда негізгі қарыздардың қалай реттелгені толық жазылған" дейді. Оның ойынша, арызданушылар уақытты әдейі созып отыр. "Біз қажет ақпараттарды түгел бердік. Олардың негізінде жазбаша еш айып жоқ. Барлығы тек айтылған сөздер. Одан да біз әрбір тұтынушының жағдайын жеке-дара қарап, қандай операция жасалғаны, қарызды қайтару қалай бөлінгені сонда анықталады", - дейді ол сонымен қатар. Банк клиенттерінің мүддесін жақтаушы ретінде қоғам қайраткері Ермек Нарымбаев жүргенін көпшілік біледі. Ол банкті "көлеңкелі ойын" жүргізді деп айыптауда. Естеріңізге сала кетейік, Ермек Нарымбаев өткен жылдың қараша айында 40-қа жуық адамның атынан kaspi bank-ті сотқа берген болатын. Оның айтуынша, банк кредит беруде пайыздық төлемдерін шектен тыс асырып жіберген. Соттан кейін ол БАҚ өкілдеріне осы іс бойынша тағы 35 адамның арызы тіркелгендігін айтып қалыпты. Айта кетейік, борышкер С.Айтбаев пен М.Еспенбетова судьяның аяғына жығылып, әбден қордаланып қалған қарыздарды қайтарудың жолдарын жұмсартуды сұрапты. Өйткені мәселен, М.Еспенбетова кезінде Kaspi bank-тен 210 мың теңге алған екен, қазір ол бір жарым миллионға дейін еселеніп кетсе керек.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети