Каспий жағалауына жүздеген шаян шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий жағалауына жүздеген шаян шығып қалды видеодан үзінді

Ақтауда Әскери жағажайдың аумағында жүздеген шаян жағаға шығып қалды, - деп хабарлайды inAktau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Әскери жағажайдың аумағында жүздеген шаян жағаға шығып қалды, - деп хабарлайды inAktau.kz.

Бұл 2018 жылы 11 наурызда таңертең болды. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әдізал Шихметовтің айтуынша, бұл дауыл соғуына байланысты құбылыс екен. 

Жергілікті тұрғындар шаяндарды дереу жинап алған.

Әдізал Шихметов көктем келуі және дауыл соғуына байланысты осындай құбылыс болуын түсіндірді. 

"Көктем келді, қыстан кейін шаяндар әлсіреді, сондықтан дауылды ауа райының салдарынан оларды жағаға лақтырды. Бұл қалыпты құбылыс, олар өздері суға кетеді", - деді балық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Ол сондай-ақ, 2019 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде облыста шаяндарды аулауға тыйым салынғанын еске салды. Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) 50 500 теңгеге (20 АЕК) дейін айыппұл салынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети