Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Kaspi.kz "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады 15 қаңтар 2022, 17:54

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 миллиард теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram