Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды Маңғыстау облысы Балық инспекциясы басқармасынан/Lada.kz

Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы мәліметінше, 25 сәуірде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында 12 өлі итбалық табылған.

"Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар табылған орынға шықты. Табылған өлекселер қатты шіріген күйде болды, бұл олардың өлімі қыс мезгілінде болғанын және осы уақыт ішінде суда болған деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталған және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан Батыс дауылы салдарынан жағаға шыққан", - делінген хабарламада.

Бөлім мамандары сынама алуға болатын жалғыз үлгілерден Гидробиология және экология институтының қызметкерлері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағза тіндерін, сондай-ақ азу тістерді алғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети