01 ақпан 2024 17:50

Каспий жағалауындағы құны миллиард теңге болатын учаскелер мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 миллиард теңге болатын учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 миллиард теңге болатын учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша, биыл Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 миллиард теңге, ауданы 696,8 гектар болатын 3 учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды. Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану деректері анықталды.

"Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20 пайызға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.

Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді".

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети