Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Скриншот Google Maps

Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 23 желтоқсанда Астана уақытымен 09:32-де Каспий теңізінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінің эпицентрі Баку қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 158 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, 22 желтоқсанға қараған түні Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети