"Кәсіпкер kz" экономикалық ойыны. ©tengrinews.kz
Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында "Кәсіпкер kz" экономикалық ойынының тұсаукесер рәсімі өтті. Кәсіпкерлерге арналған бұл инновациялық-экономикалық ойынды жетілдіру үшін биыл мемлекеттен "Шымкент Инновация" ЖШС-ына 33 миллион теңге көлемінде грант бөлінгелі отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Республикада тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынып отырған жобаның мақсаты - көпшіліктің кәсіпкерлік, логикалық және аналитикалық тұрғыдағы ойлау қабілетінің деңгейін көтеру. Сондай-ақ, бұл пайдалы әрі қызықты уақыт өткізу болып табылады. "Бұл ойынның артықшылығы, жұртшылықты экономикалық сауаттылыққа үйретеді. Алдағы уақытта "Кәсіпкер kz" бизнес ойынының логикалық-интеллектуалдық спектрін кеңейту жобасын қорғап, аймақтық үлестіру кеңесінің шешімімен жалпыға бірдей жария етуді ойластырудамыз", - деді экономика ғылымының докторы Алтын Есіркепов. Ол ойынның басты ерекшелігі бәсеке еліміздің географиялық картасының үстінде өрбиді. Онда әр облыс орталығымен байланысатын маршуттық жол тартылған. Сондай-ақ мұнда республиканың "Жасыл экономика" принциптеріне сай келетін маңызды кәсіпорындар, инвестициялық тартымды жерлер, жер қойнауындағы қазба байлықтар, туризмнің дамуына қолайлы аймақтар, тағы басқа да бизнес жобалары бар жерлер орналасқан. "Айта кетерлігі, елімізде инновациялық жаңа бизнес идеялар өте сирек. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында бастауыш кәсіпкерлердің ерекше әрі қызықты бизнес идеяларын іске асыруға барлық мүмкіндік бар. "Шымкент Инновация" ЖШС сондай новаторлық жобаларға қаржылай қолдау көрсететін мекеме ретінде белсенділік танытуда. Бұл қаржы қайтарымы бар несие немесе берілетін қарыз емес, бұл мемлекеттік грант. Мәселен, өткен жылы облысымызда әр 22 новатор 3 миллион теңге көлемінде қаражат алып отырды", - деді "Эппл Син" компаниясының директоры, жоба үйлестірушісі Нұрлан Құлымбетов. Бастысы, мемлекет аумағында инвестициялық тартымды жерлермен танысып, оған сауатты түрде ақша құю, банктермен дұрыс қатынас орнату болмақ. Аталған жоба халықтың экономикалық сауаттылығының дамуына үлес қосудан бөлек, бірталай азаматты жұмыспен қамтыды. Ал, осының нәтижесінде мемлекет өз қоржынына қосымша салық салымын түсіруде.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында "Кәсіпкер kz" экономикалық ойынының тұсаукесер рәсімі өтті. Кәсіпкерлерге арналған бұл инновациялық-экономикалық ойынды жетілдіру үшін биыл мемлекеттен "Шымкент Инновация" ЖШС-ына 33 миллион теңге көлемінде грант бөлінгелі отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Республикада тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынып отырған жобаның мақсаты - көпшіліктің кәсіпкерлік, логикалық және аналитикалық тұрғыдағы ойлау қабілетінің деңгейін көтеру. Сондай-ақ, бұл пайдалы әрі қызықты уақыт өткізу болып табылады.
"Бұл ойынның артықшылығы, жұртшылықты экономикалық сауаттылыққа үйретеді. Алдағы уақытта "Кәсіпкер kz" бизнес ойынының логикалық-интеллектуалдық спектрін кеңейту жобасын қорғап, аймақтық үлестіру кеңесінің шешімімен жалпыға бірдей жария етуді ойластырудамыз", - деді экономика ғылымының докторы Алтын Есіркепов.
Ол ойынның басты ерекшелігі бәсеке еліміздің географиялық картасының үстінде өрбиді. Онда әр облыс орталығымен байланысатын маршуттық жол тартылған. Сондай-ақ мұнда республиканың "Жасыл экономика" принциптеріне сай келетін маңызды кәсіпорындар, инвестициялық тартымды жерлер, жер қойнауындағы қазба байлықтар, туризмнің дамуына қолайлы аймақтар, тағы басқа да бизнес жобалары бар жерлер орналасқан.
"Айта кетерлігі, елімізде инновациялық жаңа бизнес идеялар өте сирек. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында бастауыш кәсіпкерлердің ерекше әрі қызықты бизнес идеяларын іске асыруға барлық мүмкіндік бар. "Шымкент Инновация" ЖШС сондай новаторлық жобаларға қаржылай қолдау көрсететін мекеме ретінде белсенділік танытуда. Бұл қаржы қайтарымы бар несие немесе берілетін қарыз емес, бұл мемлекеттік грант. Мәселен, өткен жылы облысымызда әр 22 новатор 3 миллион теңге көлемінде қаражат алып отырды", - деді "Эппл Син" компаниясының директоры, жоба үйлестірушісі Нұрлан Құлымбетов.
Бастысы, мемлекет аумағында инвестициялық тартымды жерлермен танысып, оған сауатты түрде ақша құю, банктермен дұрыс қатынас орнату болмақ. Аталған жоба халықтың экономикалық сауаттылығының дамуына үлес қосудан бөлек, бірталай азаматты жұмыспен қамтыды. Ал, осының нәтижесінде мемлекет өз қоржынына қосымша салық салымын түсіруде.