ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2021 | 17:04
Кәсіпкерге вакцина алмаған қызметкері үшін айыппұл салу заңсыз - "Атамекен"
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесменге вакцина алмаған қызметкері үшін айыппұл салу заңсыз деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесменге вакцина алмаған қызметкері үшін айыппұл салу заңсыз деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Палата мәлімтенше, бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы шыққаннан кейін, Желіде вакцина алмаған қызметкерлері үшін кәсіпкерге айыппұл салынады деген ақпарат тарлған. ҰКП түсініктеме алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратураға жүгінген.
"Бүгінде, өкінішке қарай, вакцина салған, салмағанын анықтайтын бірыңғай алгоритм жоқ. Бұл деректі кім, қалай анықтайтыны белгісіз. Сонымен қатар, соңғы үш айда COVID-19 жұқтырған адамдар, сондай-ақ екпеге қарсы көрсетілімі бар адамдар жұмыс орындарына жіберіледі. Осының бәрін кәсіпорындарда вакцина алмаған адамдардың болу дерегін анықтау үшін ескеру қажет", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол Өстеміров.
Ол палата бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен пысықтауға дайын екенін мәлімдеді, себебі негізгі міндет "кәсіпкерлерге қатысты заңбұзушылықтарға, тексерушілер мен мониторингтік топтар тарапынан өкілеттілікті теріс пайдалануға жол бермеу".
Сонымен қатар, "Атамекен" Бас прокуратурадан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 және 462-баптарында вакцина алмаған қызметкері үшін жауапқа тарту қарастырылмағаны туралы ресми жауап алды.
"ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес субъект өзіне заңды негізде берілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. СЭК актілері олар тексеріс жүргізген жағдайда берілуі мүмкін. Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеріс және бақылау субъектісіне (нысанына) бару арқылы кәсіби бақылау мен қадағалауға жатады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеріс парақтарында вакцина алғаны сияқты талаптар қамтылмайды", - делінген ведомствоның ресми хатында.
"Осылайша кәсіби бақылау немесе тексеріс жүргізу үшін құқықтық негіздер жоқ. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдануға негіз жоқ, өйткені бас мемлекеттік санитария дәрігердің қаулысы нормативтік құқықтық акт болып табылмайды және заңнамаға қолданылмайды. Мұны ҰКП Бас прокуратурада растады", - деді Өстеміров.
Мониторингтік топтарға келетін болсақ, ҰКП мәліметінше, олар тек бес критерий бойынша тексеруге құқылы: жұмыс режимі; отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды шектеуді талап ету; әлеуметтік арақашықтық; маска тағу режимі; келушілер саны нормадан асып кету.
"Қызметкерлерді вакциналау мониторингтік топ мүшелерінің тексеруіне жататын мәселелер тізбесіне кірмейді. Мониторингтік топтар тарапынан вакцинация бойынша рейдтер жүргізу де заңнамаға сәйкес келмейді. Сонымен қатар, жұмыс орындарында вакцина алмау деректері анықтаудың бірыңғай тәсілдерінің (алгоритмінің) болмауы сыбайлас жемқорлық тудыруы мүмкін. Егер сіз заңсыз тексеруге тап болсаңыз, кәсіпорындарда вакцина алмаған қызметкерлер болғаны үшін айыппұл салынса бірден кәсіпкерлер палатасына немесе прокуратураға хабарласыңыз", - деп толықтырды ҰКП төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, Қазақстанда вакцинацияға тексеріс 1 қыркүйекте басталады. Тексеру алгоритмін Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар әзірлеп жатыр. Кейін ол Ведомствоаралық комиссия қарауына енгізіледі, түпкілікті шешім сол жерде қабылданады.
Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі тексеру кезінде айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы 1-бөлігі бойынша - халықтың санэпидфлагалациясы саласындағы заңнама орындалмаған жағдайда және ҚР ӘҚБтК-ның 462-бабы 3-бөлігі бойынша - халықтың санэпидблагалациясы саласындағы лауазымды тұлғалардың қаулылары мен нұсқаулары орындалмаған жағдайда салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Санэпидбақылау комитетінің ресми өкілінің айтуынша, вакцина алмаған қызметкерлерге қандай бап бойынша айыппұл салынатыны заңбұзушылықтың санатына байланысты. Шешім нақты істерді қарау кезінде қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также