Міндетті вакцинация: Алматыда тексеріс қашан басталады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
TENGRINEWS/Фото: Тұрар Қазанғапов © TENGRINEWS/Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстанда 10 тамыздан бастап бірқатар сала қызметкерлерін міндетті вакциналау мерзімі аяқталады. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті тексеріс қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 10 тамыздан бастап бірқатар сала қызметкерлерін міндетті вакциналау мерзімі аяқталады. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті тексеріс қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеріс 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі. Бұл уақытта екінші компонент бойынша талап аяқталады. Оған дейін тексеріс алгоритмін жасау жоспарланған.

СЭҚД басшысының орынбасары Садвакас Байғабұлов қызметкерлердің ресми құжаты тексерілетінін айтты. 

"Вакцинация паспорты немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы анықтама; соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы немесе COVID-19 жұқтырып, емделгені туралы анықтаман; вакцина алмаған жұмыскерлер үшін ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен анықтама (7 күнде 1 рет) тексеріледі", - деді Байғабылов.

Тәртіпбұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша анықталады. Ол бойынша 30 АЕК-тен (жеке тұлғалар үшін 87 мың теңге) 1600 АЕК-ке дейін (ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 4,6 миллион теңге) жаза көзделген.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Ол бойынша бірқатар нысан қызметкерлері 2021 жылдың 10 тамызына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентті алуы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer