Кәсіпкерлер бизнесті қайта тіркеу бойынша прокурорларға шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлер бизнесті қайта тіркеу бойынша прокурорларға шағымданды видео кадры

Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті қайта тіркеудегі қиындықтар туралы прокурорларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті қайта тіркеудегі қиындықтар туралы прокурорларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құжаттардағы болмашы қатеге байланысты бизнесмендерге заңды тұлғаларды қайта тіркеуден бас тартылған. Осыған байланысты кәсіпкерлер құжаттарын қайта жинап, тапсыру үшін үш-жеті жұмыс күнін жұмсаған.

"Прокуратура жағдайды сараптап, бизнесті қайта тіркеуден бас тартпай, материалдарды толықтыруға жіберуді дұрыс деп тапты", - деді қадағалау органы өкілдері.

Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін жыл сайын "Азаматтарға арналған үкіметке" бірнеше мың кәсіпкерлік субъекті жүгінетіні атап өтілген.

"Қала прокуратурасының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-пен бірлескен жұмыс бизнесмендердің уақытын барынша қысқартуға және 3-7 жұмыс күнін үнемдеуге мүмкіндік берді. Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қайта тіркеу кезіндегі әкімшілік кедергілер азайды", - деп толықтырды прокуратура өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети