Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірінде жан-жақты тексерулер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерінің атын жамылып, жанар-жағармай өнімдерін экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан", - делінген хабарламада.
ҚМА өкілдері осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатынын айтты.
"Егер жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!