05 қаңтар 2022 15:09

Кәсіпкерлер палатасы бизнесті тонаушылардан қорғауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

"Атамекен" ҰКП жергілікті билікті кәсіпкерлер мүлкін тонаушылардан қорғауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Атамекен" ҰКП жергілікті билікті кәсіпкерлер мүлкін тонаушылардан қорғауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасы Алматыдағы және Қазақстанның басқа аймақтарындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Тәртіпсіздіктер салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер ҰКП-ға жүгінеді. "Атамекен" мәліметінше, банктерге, мейрамханалар мен дүкендерге шабуыл жасау деректері тіркелген.

"Бірқатар өңірде енгізілген төтенше жағдай аясында "Атамекен" жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын кәсіпкерлер мүлкін тонаудан қорғауға шақырады. ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға хабарласып, келтірілген шығын көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды. Палатада жедел желі жұмыс істейді", - деді Кәсіпкерлер палатасы өкілі.

Сурет және видеоны Teleram-да 8 701 375 11 84 нөміріне жіберуді сұраймыз.

Жедел желі байланысы: 1432 (тегін) 8 8000808010, WhatsApp: 8 778 870 1432.

Алматы: 8 7273 310 133
Алматы облысы: 8 7282 401999
Маңғыстау облысы: 8 7292 304040

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети