02 қазан 2014 | 14:04

Кәсіпкерлер палатасы жемқорларды үрім-бұтағымен масқаралауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов© Фото Тұрар Қазанғапов©

Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы жемқорлықпен сотталғандардың тізімін жасап, интернетке жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы жемқорлықпен сотталғандардың тізімін жасап, интернетке жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мүмкін партияның күшімен болсын, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының күшімен болсын жемқорлықпен сотталғандардың тізімін жасап, ғаламторға жариялауымыз керек. Жұртшылық оларды бүгін де, ертең де, болашақта да біліп жүруі керек. Тіпті, жемқордың қылмысын ұрпағы да білуі тиіс", - деді Ұлттық кәсіпкерлік палатасы президиумының мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Талғат Доскенов "Нұр Отан" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын талқылау барысында осындай бастама көтеріп. 

Парақор мен пара берушінің қылмыстарын жария етуіміз керек, олардың атасы, әжесі 50 жыл бұрын жемқор болғанын ұрпағы білуі қажет. Жемқорлық олардың ұрпағына қара дақ болып қалуы тиіс. Мен ойымша, азаматтар болмашы ақша үшін атын былғамайды деп есептеймін", - деп ол журналистерге өз бастамасына қатысты түсінік берді.  

Жемқорларды әулетімен бірге масқаралау тым қатал әрекет емес пе деген сұраққа, ол: "Егер фамилияға мөр басылатын болса, көп адамдар пара алудан бас тартады деп ойлаймын. Мәселен мен, сіздер секілді, менің немерелерім жемқордың немересі аталғанын қаламаймын", - деді. 

Сонымен қатар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы пара беру де кәсіпкерлер арасында өте ұят қылық ретінде саналатындай бизнеске жаңа құндылық пен адами мораль енгізу керек деген ұсыныс жасады. 

Бүгінгі күннің өзінде корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік, ар-ождан кодексінің ұлттық концепциясы жасалды. Мұның барлығы бизнестің адамгершілік құндылығын қалыптастырады. Біз бизнеске жаңа мораль, жаңа бизнес-этика енгіземіз, егер пара бердің бе, бұл кемшілік барлық бизнес-қауымдастыққа сын болып табылады. Сондықтан біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз", - деді ол.  

Бұдан бөлек, Ұлттық палата кәсіпкерлердің бір-біріне пара беруі туралы да сөз қозғады. 

"Шағын және орта бизнес субъектілері су, жылу, электр қуатын көп алатын кезде пара беруге мәжбүр, себебі "электр жоқ" деген секілді түрлі сылтаулар айтылады. Демек кәсіпкер өзі секілді кәсіпкерге пара беруге мәжбүр, бірақ бұл жолы ол ірі монополистерге береді. Осыны да жазып қоюымыз керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети