27 сәуір 2017 | 09:35

Кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қызға жаңа баспана сыйлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген аты-жөнін атағысы келмеген бизнесменмен бірге су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы, - деп хабарлайды "Диапазон".


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген аты-жөнін атағысы келмеген бизнесменмен бірге су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы, - деп хабарлайды "Диапазон".

"Зардап шеккен қызға үй салып беруді жоспарладық, бірақ кейіннен жақсы екі қабатты үй алып беруді шештік, - деп келтіреді кәсіпкердің сөзін басылым. - Біз үлкен әрі әдемі, 159 шаршы метр аумақты қамтитын үйді қарастырдық. Оны сатып алып, Махаббаттың отбасына сыйлағымыз келді. Үйге жиһаздарды, кір жуғыш машинаны, теледидар мен басқа да техниканы апардық. Бірақ Ақтөбе әкімдігіндегілер сол аумақтағы жер учаскесінде тұруға болмайтынын, яғни, үй өзенге тым жақын орналасқандықтан бас тартып отыр. Алайда үй биік және ол өзеннен алыс орналасқан. Енді басқа үй іздеп жатырмыз. Осы істі соңына дейін тындырып, қызға баспана сыйламақшымыз".

"Әкімдіктен осы мәселеге қатысты қандай да бір түсінік алу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта Махаббат Ешімова су тасқынынан зардап шеккен басқа адамдар сияқты жалдамалы пәтерде тұрып жатыр", - дейді басылым.

Ал Қайрат Құдайберген Tengrinews.kz тілшісіне жаңа баспанаға жұмсалатын ақшаның үлкен бөлігін кәсіпкердің бөлгенін және оның өз есімін көрсетпеуін сұрағанын нақтылады.


Қайрат Құдайберген. © facebook

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Түсіпбаева да су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге дайын екен. Әнші "Диапазон" басылымына 1 мамырда Ақтөбеге ұшып келіп, онда зардап шеккендерге тегін концерт беретінін айтқан.

Еске сала кетейік, осыған дейін су тасқынынан зардап шеккен Ешімовтар отбасы жайлы хабар тараған еді.  Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған.

"Барлық кітабым үйде қалып қойды. Жоғалды. Билік қайда қарап отыр. Кітабымды қайтарған жоқ. Әкем кезекте жылдап тұрады, не пайдасы бар? Барлық затымыз сонда қалып қойды. Оқуыма алаңдадым, енді үйімізден де айырылып қалдық. Неге біз мұнда тұруымыз керек дейсіздер? Еңбегімізбен салған үйіміз еді", - деген еді қыз видеода.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған комиссия құрылған. Материалдық көмек көрсеткісі келетіндер "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының есебіне қаражат аудара алады. 

KIWI әмиян: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 "Казкоммерцбанк" АҚ-да БИК KZKOKZKX.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети