11 сәуір 2014 | 13:24

Кәсіпкерлердің ұлттық палатаға төлейтін жарнасының мөлшері қайта қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахым Ошақбаев. ©Online.zakon.kz Рахым Ошақбаев. ©Online.zakon.kz

Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін қайта қарап шықпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық палатаның басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін қайта қарап шықпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық палатаның басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 

"Қазір біз міндетті мүшелік жарнаны жинауға кірістік. Алайда кейбір компаниялар мен қауымдастықтар тобы оны тым көп әрі аталған жарнаны төлеу талаптары дұрыс емес деп санайды. Осыған орай, бүгінде тиісті заңға өзгерістер әзірленіп жатыр. Ал ұлттық палатаның өзінде пікірталас толастар емес. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз Астана қаласының қауымдастықтарымен (кәсіпкерлер ұйымдары - авт.) кездестік. Келесі аптада, сәуірдің 16-сы күні Алматы қауымдастықтарымен үлкен кездесу өтеді. Меніңше, біз бір шешімге келеміз. Егер қазіргі жарнаның көлемі мен оны өндіріп алу механизмі әлі де жетілмеген болып танылса, онда біз оны барынша жақсартатын боламыз", - деп атап көрсетті Р.Ошақбаев. 

Айта кетейік, өткен жылы "Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасын құру туралы" заң қабылданған болатын. Оған сәйкес, ірі және орта бизнес субъектілері үшін міндеті мүшелік жарнаны төлеу қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети