Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады

07 Сәуір 2015, 17:50
0
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирослав Енча. © ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирослав Енча. © ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тағайындалуына орай дипломатты құттықтаған Сенат Төрағасы Енчаның БҰҰ Превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы лауазымындағы жемісті қызметін атап өтті.

"Орта Азия жөніндегі бай тәжірибеңіз бен біліміңіз сіздің бұдан былайғы жауапты жұмысыңызда пайдалы болатыны күмәнсіз", - деді Тоқаев.

Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ерекше рөлін атап өткен Енча БҰҰ Бас хатшысы ядролық қарусыздану және оны таратпау үдерістеріне Қазақстан Президенті Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады. БҰҰ қызметкерінің пікірінше, Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасы маңызды болып табылады.

"Енча Азиядағы сенім және ынтымақтастық шараларын нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері әзірленген АӨСШК-нің Шанхайдағы 4 саммитінің нәтижелерін оң бағалады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Тоқаев жүздесушіні биылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге әзірлік туралы хабардар етті және осы келелі форумға Мемлекет басшысының шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәртебелі мейман ретінде қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін шақыру туралы біздің еліміздің Мемлекет басшысының бастамасын жоғары бағалаған Енча Қазақстан Президентінің V Съезге шақыруына орай БҰҰ Бас хатшысының ризашылығын жеткізді. "Діни экстремизмге байланысты өзекті мәселелер шиеленісе түскен қазіргі заманда бұл форум ерекше маңызды. Сондықтан Съездің маңызы зор, оны шақыру туралы бастама уақыт талабына сай және қажет", - деді Енча. Оның айтуынша, БҰҰ басшысы V Съезге қатысуды жоспарлап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай