Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевеліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды.

Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Басты тапсырма - мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды.

 

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  

Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +35
Астана +23
Ақтау +23
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +21
Петропавл +28
С
Семей +38
Т
Талдықорған +31
Тараз +33
Түркістан +20
О
Орал +27
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер