Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Крутойды ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Крутойды ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой, Ресей Федерациясы, ІІ дәрежелі "Достық" орденімен наградталсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
30 маусымда Игорь Крутой Нұр-Сұлтандағы Димаш Құдайбергеннің концертіне қатысты. Бұған дейін композитор Ержан Максиммен кездесіп, оны өз академиясына оқуға шақырды.
Игорь Яковлевич Крутой 1954 жылы 29 шілдеде дүниеге келген. Композитор, пианист, әнші, продюсер. "АРС" фирмасының ("Новая волна", "Песня года", "Утренняя почта"), тәуелсіз авторлық құқық агенттігі (НААП), Муз-ТВ телеарнасы (25 пайыз), бірнеше ресейлік радиостанциялардың иесі.