Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл "G7" дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети