10 сәуір 2017 09:49

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырдағы терактіні айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырдағы терактіні айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырдағы терактіні айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Парламенттің жоғарғы палатасының спикері бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді. "Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының басшысы ретінде Мысырдағы христиан шіркеуіндегі терактіні айыптаймын, қастандық құрбандарына көңіл білдіремін", - деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болған еді. Танта қаласында лаңкестер христиан шіркеуі мен полицейлерді даярлау орталығына шабуыл жасаған. Александрияда да ғибадатханаға шабуыл жасалып, кейін тағы бір бомба жарылды. лаңкестік салдарынан Тантада 30 адам мерт болған, БАҚ мәліметі бойынша, Александрияда 16 адам қаза болып, 41 адам жарақат алған. 

Ал кейінірек жарылыстың видеосы пайда болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети